Атырау облысында медицина мекемелеріне оттегі жүйесі таратылып жатыр

news.myseldon.com
news.myseldon.com
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық мекемелер 25 оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген, бүгін тағы 5 құрылғы келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

«Бүгінде провизорлық және барлық стационарларға оттегі концентраторлары қойылуда. Бұл арқылы кислородтық баллондар саны азаятын болады. Осының аясында жаңа ғимратақа оттегі жүйесін тартып жатырмыз. Аталған жұмыс тамыз айының басында бітуі керек», – деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, оттегі концентраторларын қолдану дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

Өйткені, бұдан бұрын қолданыста болған кислородты баллондар ыңғайсыз болатын. Баллондар ауыр және оттегіні үнемі толтырып тұру қажет.

«Қазіргі уақытта біз көлемі 5 литр оттегі концентраторларын қолданып жатырмыз. Сәйкесінше, оттегі баллондарының санын азайтамыз», – деді Ербол Иманғалиев.

Новости партнеров