«Қызыл» мәртебесімен жүрген алматылық тұрғынға айыппұл салынды

atameken.kz
atameken.kz
Жобаның арқасында қалада «қызыл» мәртебесімен жүрген 636 адам анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ashyq жобасы өзінің тиімділігін көрсетіп жатыр. Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында   жобаның арқасында қалада «қызыл» мәртебесімен жүрген 636 адамның анықталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзін оқшаулау режимін бұзған әйелге айыппұл салынды. Спикердің айтуынша, қала тұрғынына хаттама толтырылды. Антиковидті емдеу курсынан кейін  әйел 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Айыппұл 7 күннің ішінде төленсе, оны 50%-ға дейін қысқартуға болады.

Сондай-ақ, Ashyq қосымшасы «сары» мәртебесі бар 150 алматылықты анықтады. Бүгінде Алматы қаласының 1 913 нысаны жобаға тіркелген.

«Қала «Жасыл аймаққа» өткеніне қарамастан, шектеу шараларын сақтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Біз апта сайын қоғамдық орындар мен әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарға бақылау жүргіземіз. Қосымшаның арқасында көптеген адам жұқтырудың алдын алды», – деді Ж. Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Алматыда шектеу шараларын бұзғандар жауапкершілікке тартылады және қазірдің өзінде айыппұл салынып жатыр.

Новости партнеров