Франция міндетті маска тағу режимін алып тастады

Фото: ©REUTERS
Фото: ©REUTERS
20 маусымнан бастап коменданттық сағатты алып тастамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Францияда екі ай бұрын 40 мыңнан асқан науқастар саны қазір 3,5 мыңға жеткен. Франция үкіметі 17 маусымнан бастап көшелерде міндетті маска тағу режимін алып тастады. Ал 20 маусымнан бастап коменданттық сағатты алып тастамақ, деп хабарлайды Almaty.tv Kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Елдегі жағдай жақсарып келеді. Эпидемиологиялық жағдай жақсаруына байланысты белгіленген мерзімнен он күн бұрын коменданттық сағат тоқтайды және нысан ішінде маска тағу міндетті болады.  Қазіргі уақытта 23.00-ден 6.00-ге дейін енгізілген коменданттық сағат дүйсенбіге қараған түні тоқтатылады», – деді  Франция премьер-министрі  Жан Кастекс.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, реанимация бөлімшелеріндегі адам саны 116-ға дейін азайып, 1952 адам болған. Францияда екі ай бұрын 40 мыңнан асқан науқастар саны қазір 3,5 мыңға жеткен. Франция денсаулық сақтау саласының мамандары бұл көрсеткіш 5 мыңнан төмен болса, пандемияны бақылауға болады деп санайды.

Новости партнеров