Алматыға «QazVac» вакцинасы жеткізілді

26.04.2021 19:43

Препарат Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына түсті

©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Өткен аптада Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан 50 000 доза көлемінде Қазақстанда өндірілген «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілді. Препарат Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына түсті. Жалпы алғанда Алматыға 6000 доза (1 және 2 компонент бойынша) берілді, олар ҚДБ медициналық ұйымдарына бөлініп берілді. Бұл препарата 3000 адамды вакцинациялауға жеткілікті. Қала тұрғындарының қалауы бойынша қазақстандық немесе ресейлік препаратты таңдай алады.

QazCovid-in вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген.

Qaz-Covid-In – өлі вирустан жасалған вакцина. Бұл бұлшықет ішіне 0,5 мл/дозасы енгізіледі.

Құрамында SARS-CoV-2 тазартылған инактивирленген тұтас вирионды штаммы бар. QazCovid-In «Қазақстан, ковид, инактивацияланған» дегенді білдіреді. Ол химиялық реагентпен «өлтірілген» 2019-Ncov вирусына негізделіп жасалынған. Бұл вакцинадан кейінгі асқынулар жеңіл өтеді әрі дене қызуы жоғарыламайды. Сондай-ақ, Sputnik-V кцинасы сияқты екі компонентті және 21 күндік интервалмен салынады.

Отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі – сақтау шарттары. Егер Sputnik-V вакцинасы тоңазытқышта 18 градус температурада сақталса, ал QazVac вакцинасы 2-8 градус температурада сақталады. Бұл препаратты өндірушіден тұтынушыларға жеткізу логистикасын жеңілдетеді.

Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңіне 18-65 жас аралығындағы 44 ерікті, екінші кезеңге 200 адам, үшінші кезеңге 3 мың адам қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне өзінің ковидке қарсы вакцинасын тіркеді.