Бүгін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин «Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалада «Ashyq» пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастады. Құжаттың мәтіні Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.
Оңтүстік астанада отбасылық және еске алу, бұқаралық іс-шараларға,банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б. адам көп жиналатын жиындарға қатысуға тыйым салынады.
Құжатта қызметі жаңартылмаған обьектілерге баруға тыйым салу туралы айтылған: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, лото және ойын клубтарының, букмекерлік кеңселерінің, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарының, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға болмайды.
Қаулыда «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет екендігі айтылған. Келушіде смартфон болмаған немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда жауапты тұлға – мекеме қызметкері қосымшада ЖСН енгізу арқылы келушінің кіруін тіркеуге құқылы.
Ұлттық құрамаларға, клубтық командаларға (30 адамнан аспайтын) байланыссыз термометриямен спорттық жаттығулар жасауға және спорттық базаларда тұруға рұқсат етілген.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимін және кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
Кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге рұқсат етіледі (қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда).