Дертке шалдыққандар АҚШ-та ең көп тіркелген
Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар 4 млн 400 мың адамнан асты. Бұл Worldometer сайтының берген мәліметі, деп хабарлайды Almaty.tv.
298 мыңнан аса науқас көз жұмып, 1 млн 659 мың адам айығып шыққан. Дертке шалдыққандар АҚШ-та ең көп тіркелген. Испания, Ресей, Ұлыбритания және Италия елдерінде де індет өршіп тұр. Инфекция жұқтырғандардың саны бойынша алғашқы ондыққа Бразилия, Франция, Германия, Түркия, Иран елі де кірді.
Ауру жұқтырғандар санының күрт өсуі Латын Америкасында байқалған. Осылайша, Бразилияда COVID-19-дан 24 сағат ішінде 749 адам өлім құшқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, инфекция жұқтырғандар саны бойынша Оңтүстік және Солтүстік Америка Еуропаны басып озды. Ұйым екі құрлықтың пандемия ошағына айналғанын айтады.
ӘЛЕМДЕ:
Жұқтырғандар: 4 429 810
Көз жұмды: 298 174
Жазылып шықты: 1 659 791
Ақш - 1 430 348
Испания - 271 095
Ресей - 242 095
Ұлыбритания - 229 705
Италия - 222 104