Қазақстанда екі адамнан коронавирус анықталды

Фото: Александр Погожев / ТАСС
Фото: Александр Погожев / ТАСС
Ақпаратты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкілдері растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Жұқпа Германиядан 9 және 12-наурызда ұшып келген екі азаматта анықталды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Үш айдан бастап біз Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқару органдары Қазақстан республикасы мемлекеті коронавирустық инфекция  Қазақстан еліне жол бермеу бойынша көп шаралар іске асырылды. Көп жұмыс атқарылды. Бірақ, өкінішке орай, бүгінгі ақпарат бірнеше рет тексергеннен кейін екі қазақстандық азаматында коронавирустық инфекция табылды. Бүгін біздің лабораториямызда Алматы қаласындағы Германиядан келген екі қазақстандық азаматтан коронавирус инфекциясы нақты анықталды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Бүгінде екі науқас та карантинге жатқызылған. Қажетті ем-дом шаралары жүргізілуде. Ад Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған осы екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр. Наурыздың 9-ы күні оралған науқаспен бірге бортта 73 жолаушы ұшып келген екен. Олардың тізімі анықталып, бақылауға алынды. Қазір кеше түнде келген қазақстандықпен болған адамдардың барлығын іздеп табу шарасы қолға алынған. Министр оларды оқшаулап, бақылауға алу қажет дегенді алға тартты.


Новости партнеров