Алматыда КВИ көрсеткіші 7 есеге өсті – Бекшин

27.11.2020 20:38

Алматыда 26 қарашадағы жағдай бойынша 1 122 адамнан коронавирус табылған

Almaty.tv

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал қиындай түсті. Ауру көрсеткіші қыркүйекпен салыстырғанда 7 есеге өскен. Бүгін онлайн брифингте қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, жұқтыру деңгейінің ең жоғары көрсеткіші қоғамдық орындарда анықталды. Мұндай адам көп шоғырланатын жерлерде көбіне жастар жүретіндіктен, коронавирус 20-дан 39 жас арасында белең алып тұр. Қала билігі халықты тұрақсыз ахуалға байланысты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

«Жұқтыру орындары анықталды. Қоғамдық орындар осы аурудың өсуінің бірінші себебі. Ол – түнгі клубтар, тамақтану орындары, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар. 33,7 пайызын құрайды. Ал үй жағдайында жұқтырғандар 28,7 пайызын құрайды. Қалалық көлік 18, жұмыс 13 пайызды құрайды», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.