Еңбекке жарамсыздық парағын Egov порталынан қалай алуға болады

27.11.2020 20:09

Азамат еңбекке уақытша жарамсыздығын растау үшін тиісті дәрігеріне қаралуы қажет

imcalmaty.kz

Енді Қазақстандықтар еңбекке жарамсыздық парағын Egov порталы арқылы ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек департаментінің басқарма басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азамат еңбекке уақытша жарамсыздығын растау үшін тиісті дәрігеріне қаралуы қажет. Содан кейін аталған құжат беріледі. Ол қағаз түрінде де ұсынылады. Егерде парақ жоғалған жағдайда науқас оны 30 минут ішінде онлайн форматта ала алады.

«Егер адам іс-сапарда жүріп науқастанып қалса,сол жердегі кез келген медициналық орталыққа барып, дәрігердің көмегіне жүгіне алады. Содан кейін, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын да ала алады. Ең бастысы, ол медициналық ұйымда уақытша еңбекке жарамсыздық лицензиясы болуы қажет», – деді ҚР ДСМ Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының басшысы Батырхан Сарымсақов.