Pfizer вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті: екпе кімге арналған

© AFP 2021 / TED ALJIBE
© AFP 2021 / TED ALJIBE
Медициналық препарат Қазақстанға 2021 жылдың қазанында жеткізіледі деп жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеу куәлігін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 23 тамызда «Комирнати» вакцинасына 8 айға уақытша тіркеу куәлігін берді.

Бұл Қазақстанда осы вакцинаны ел тұрғындарына салуға рұқсат берілгенін білдіреді.

Бұған дейін Pfizer вакцинасын бірінші кезеңде 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдер алатыны туралы хабарланды.

«Бастапқы кезеңде, қазанда Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді болады, сондықтан оған сенудің қажеті жоқ. Қазір барып, вакцина салдыру керек», – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Балаларға бұл вакцина тек ата-ана немесе заңды қамқоршысының рұқсатымен ғана салынады.

Новости партнеров