Қазір Еуропада жағдай біршама тұрақталып отыр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһан мемлекеттерін жағдайы төмен халықтарға көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл ретте аталған ұйым екпе алғандар мен эпидемиологиялық ахуалы тұрақталған елдерден қолдау күтеді. Ал сарапшылар мұндай істе әсіресе антиковидтік дәрілердің маңызы зор дейді. Айта кету керек, қазір Еуропада жағдай біршама тұрақталып отыр. Мысалы, Франция, Италия, Испания және Венгриямен қатар, ендігіде Чехияда да карантин талаптары жеңілдетілген.
«Акселератор» деп аталатын бағдарламаның өзі біз анықтағандай, 23 млрд долларды қажет етеді. Адамдардың өмірі мен қауіптің алдын сейілту - біздің басты мақсатымыз болғандықтан, бұл ретте еш аянып қалуға болмайды», - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейсус.
Ал Қазақстанда вирусты жұқтыру деңгейі біршама төмендеген. Өткен тәулікте 2498 азамат ауру жұқтырса, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облысында 200 шақты жаңа жағдай тіркелген. Айта кету керек, Алматы мен ел астанасы және өзге де 6 өңір әлі де қауіпті аймақта тұр.