Әр мемлекет қауқарына қарай коронавирус індетін тоқтатудың амалын қарап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлыбританияда шағын лабораториялар ашылуда. Яғни, студенттер жатақхана аумағынан шықпай-ақ тест тапсыра алады. Оның нәтижесі 30 минут ішінде дайын болады екен.
Еске салайық, 3-9 желтоқсан аралыңында британия студенттеріне үйлеріне баруға рұқсат етілген. Одан кейін олар оқуын қашықтан жалғастырады. Ал, Жапония билігі коронавирусқа қарсы вакцинаны халыққа тегін салу туралы заңды мақұлдады. Бұл туралы аталған ел үкіметінің бас хатшысы Кацунобу Като мәлімдеді. Сондай-ақ, жаңа заң бойынша вакцина адамның денсаулығында кері әсер етсе оны да тегін емдейді.
Жалпы айтсақ, әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 64 миллоннан асты. Алғашқы бестікті АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция бастап тұр. Есте болса көрші іргедегі Ресей Федерациясы ауру екіпіні бойынша біраз уақыт бесінші орында тұрған еді. Қазір байқағандарыңыздай бір саты көтерілген.