Қазақстандағы коронавирус: 586 науқастың жағдайы ауыр

inform.kz
inform.kz
112 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тағы 28 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 24 адам қайтыс болды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 586 адамның жағдайы ауыр;

• 175 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 112 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

11 сәуірдегі мәлімет бойынша 10 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 101 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 51 409, өлім жағдайлары - 731, барлығы 50 203 адам сауығып шықты.



Новости партнеров