|
20.10.2020 | 14:49
746

Алматыда дезинфекция жұмыстары қайта басталды

Тұрғын үйлердің кіреберістеріне профилактикалық мақсатта жиілікпен аптасына 1 рет зарарсыздандыру жүргізіледі

Алматыда дезинфекция жұмыстары қайта басталды  coronavirus2020.kz

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен ойын алаңдарында дезинфекция жұмыстары қайта басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына 1 рет профилактикалық зарарсыздандыру жұмыстарын қайта бастады. Сонымен қатар,коронавирус инфекциямен ауыру жағдайы тіркелген жағдайда тұрғын үйлердің кіреберістеріне қорытынды түрінде бір рет зарарсыздандыру жүргізіледі. Тұрғын үйлердің кіреберістеріне профилактикалық мақсатта жиілікпен аптасына 1 рет зарарсыздандыру жүргізіледі. Айта кетейік, 15 қазан күні Алматыда карантин талаптарына қатысты жаңа қаулы шыққан болатын. Онда қалада бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталатыны жазылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир