Қазақстандық дәрігерлер 754 адамды коронавирустан емдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Коронавирус жұқтырған тағы 29 науқас сауығып, ауруханадан шықты, оның ішінде: Ақмола облысында - 27, Нұр-Сұлтан қаласында - 2.
Бүгін сағат 13:30 дейін елімізде жалпы 754 адам үйіне шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 216,
Алматы қаласында – 97,
Қызылорда облысында – 110,
Ақмола облысында – 60,
Атырау облысында – 59,
Қарағанды облысында – 43,
Жамбыл облысында – 43,
Шымкент қаласында – 29,
Түркістан облысында – 29,
СҚО – 25,
Ақтөбе облысы – 10,
Алматы облысында – 9,
Батыс-Қазақстан облысында – 7,
Шығыс Қазақстан облысында- 6,
Маңғыстау облысында – 5,
Павлодар облысында – 3, Қостанай облысында – 3 адам.