Әлемдегі коронавирустың жағдайы

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Швецияда коронавирустың тың түрінің таралуына байланысты қатаң шаралар енгізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан былай карантин талаптарын бұзған адамға 2 мың крон айыппұл салынады. Бұл шамамен 238 долларды құрайды. Осы жылдың 10 қаңтарында қабылданған заңға сәйкес қыркүйек айына дейін елде барлық жаттығу залдары, сауда орталықтары және спорт жабдықтары сатылатын орындар жабық болады. Германияда респираторлық маска тағу міндетті болды. Яғни, қоғамдық көлікте және дүкендерге бір реттік бетпердемен кіруге тыйым салынады. Аталған ел билігінің сөзінше, мұндай маскалар аурудың тыныс алу жолымен кіру қаупін бірнеше есе азайтады. Коронавирусқа қатысты сандарға зер салсақ, пандемия басталғалы 96 миллионнан көп адам ауруды жұқтырған. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр. 2 миллионнан көп науқас мерт болған. 

Новости партнеров