Елордалықтар вирустың бар-жоғын анықтау үшін экспресс-тест жасай алады

Global Look Press
Global Look Press
Олардың 244-і коронавирусқа шалдыққандармен тікелей байланыста болғандар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарды коронавирусқа экспресс-тестілеу енгізу жоспарлануда. Тестілеу алдағы екі аптада қолжетімді болады. Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.  

Елордада коронавирусқа шалдыққандардың саны 25-ке жетіп отыр. Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова аталған науқастардың жағдайы жайлы айтты. Оның сөзінше, олардың жай-күйі қанағаттанарлық, өздерін жақсы сезінеді, дене қызулары да қалыпты, ешқандай шағымдары жоқ. Анықталғаны  25 жағдайдың 60%  немесе 17 адам, бұл 30 бен 49 жас аралығындағылар. 4 науқас 50 мен 59 жас шамасындағылар. Сондай-ақ, Сәуле Кисикова қазір 700 адам карантинде екенін мәлімдеді. Олардың 244-і коронавирусқа шалдыққандармен тікелей байланыста болғандар. Олар стационарларда бақылауға алынып, 327-сі үй карантинінде. Ал 213 адам індет шыққан мемлекеттерден оралғандар,  олар да өз үйлерінде оқшауланған. Брифинтге мәлім болған тағы бір жайт, елорда тұрғындары вирустың бар-жоғын анықтау үшін экспресс-тест жасай алатын болды.

«Қазір вирустың бар-жоғын анықтайтын экспресс-тест жайлы көптеген сұрақтар қойылып жатыр. Осы ретте айтатыным, коронавирустық инфекцияның бар-жоғына бұл тестілеу алдағы екі аптаға жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда диагностика ПЦР-әдіспен жүргізілуде. Біз науқастармен байланста болған жақын туыстары, әріптестері, ұшақ бортында бірге келгендерді және коронавирус бар мемлекеттерден оралғандарды тексеріп жатырмыз. Сынама елордадағы ұлттық тестілеу орталығында жүргізілуде», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле КИСИКОВА.

Қазір карантин режиміне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық ауруханаларға келушілерге тыйым салынып, жедел және жоспарлы түрде госпитализациялау жалғасуда. Ал шаһардағы емханалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ақ халаттылар науқастарды демалыс және мереке күндерінде де таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге  дейін қабылдауда. Олардағы ультрадыбыстық зерттеу, зертханалық талдамаларды тапсыру сияқты диагностикалық зерттеулер жүргізілуде.

Новости партнеров