Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тағы 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Науқастардың 3-еуі Талдықорған қаласында, 1 жағдай Қапшағай қаласында аныұталды. 1947, 1953, 1955, 1989 жылы туған науқастар ауруханада профилактикалық тексеруден өткізілген. Олардан коронавирус инфекциясы анықталған соң оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Талдықорған қаласында коронавирустың алғашқы жағдайы 14-ші мамырда тіркелді.
Сол уақыттан бері індетті жұқтырғандар саны 78 адамға жетті.
31 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырған 353 адам тіркелген, оның 182-сі толығымен емделіп, ауруханадан шығарылды.