«Алматы» телеарнасының эфирінде Бақытжан Сағынтаев карантиндік шараларды жеңілдетудің барысы және ШОБ кәсіпорындары мен нысандарының жұмыстарын қайта бастағандары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, Бақытжан Сағынтаев барлығымыздың өмірлік нормамызға айналуы тиіс эпидемиологиялық қауіпсіздік ержелерін сақтау қажеттігін атап өтті.
Алматы әкімі вирустың таралу тізбегін жою мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарға баруға уақытша тыйым салынғанын еске салды, оның ішінде Ұлттық саябақ аумағына. Сонымен қатар, демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысын тоқтатады.
Алматыда 19 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19-дің 13 938 оқиғасы тіркелген. Олардың ішінде, 11 935 адам, бұл науқастардың 85% емделіп шықты. 100 мың адам тұрғынға шаққандағы көрсеткіш — 698,09. Вирусты симптомды жұқтырушылар — 8322 адам, симптомсыздар — 5616 адам. Тәулік ішінде 22 оқиға (симптомды — 5, симптомсыз — 17) тіркелді, өкпенің анықталмаған қабынуы бойынша қосымша 44 оқиға. Тәуліктік өсім — 0,2%. Ковидті стационарлар 14%-ға толған.