|
27.08.2020 | 14:57
911

Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайдасыз екеніне сенбеу керек – ДДҰ

Мария Ван Керкхове коронавирусты қайта жұқтыру фактісі вакцинаның жұмыс істемейтінін білдірмейтінін атап өтті

Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайдасыз екеніне сенбеу керек – ДДҰ Фото: ашық дереккөзден

Коронавирусты қайта жұқтыру мүмкіндігі бар, бірақ бұл вакцинаның пайдасыз екенін білдірмейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше аурулар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мария Ван Керкхове коронавирусты қайта жұқтыру фактісі вакцинаның жұмыс істемейтінін білдірмейтінін атап өтті.

«Халық бұл вакцина жұмыс істемейді дегенді білдіреді деп ойлайды. Бірақ олай емес. Біз вакциналарды жасай береміз және бұл жолда керемет жетістіктерге жеттік. Иә, мүмкін бізде вирусты қайта жұқтыру жағдайлары болуы мүмкін, бірақ бізде халықтың қайта ауруына жол бермейтін әдістер бар», – деді Ван Керкхове ДДҰ-ның Twitter желісіндегі онлайн-брифингте.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Маргарет Харрис ұйым COVID-19 вирусын қайта жұқтырудың жаңа жағдайларын жоққа шығармайтынын, бірақ қазіргі уақытта мұндай жағдайлар аз екенін айтқан. Оның сөзінше, ДДҰ COVID-19-қа қарсы вакциналар табиғи иммунитеттен гөрі вирусқа берік иммунитетке әкеледі деп күтеді.

Еске салайық, тамыздың соңында COVID-19 вирусын қайта жұқтыру мүмкіндігі дәлелденген болатын. Расталған жағдай туралы Гонконг университетінің зерттеушілері хабарлаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир