Бразилияның денсаулық сақтау министрі коронавирусқа байланысты қызметінен босатылды

Бразилияның денсаулық сақтау министрі коронавирусқа байланысты қызметінен босатылды
Министр Мандетта отставкаға кеткені туралы ақпаратты Twitter-дегі өз аккаунтында растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы тәулікте Бразилияда COVID-19 індетін жұқтырған адамдар саны жаңа рекорд орнатты. Тәулік ішінде вирусты 3058 адам жұқтырып, 204 адам көз жұмған. Бұл туралы Agencia Brasil агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Осыған байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонару денсаулық сақтау министрі Луис Энрике Мандеттаны қызметінен босатты. Министр Мандетта отставкаға кеткені туралы ақпаратты Twitter-дегі өз аккаунтында растады.

Бразилияның жаңа денсаулық сақтау министрі болып онколог дәрігер Нелсон Луис Шперле Таиш тағайындалды. Ресми мәліметтерге сәйкес, елде коронавирус жұқтырғандар саны 28 320 адамға жеткен. Індетке шалдығу оқиғаларының саны сейсенбі күнмен (12 сәуір) салыстырғанда 12 пайызға өсті.

Вирустан ең көп қайтыс болғандар саны Сан-Паулу қаласында тіркелген (778). Бұл, Рио-де-Жанейроға (265) қарағанда үш есе көп болып отыр. Одан кейін тізімде Пернамбуку (143), Сеара (116) және Амазонас (106) штаттары тұр. Елде өлім деңгейі 6,1 пайыз деңгейінде (1 736 оқиға) сақталып отыр.

Новости партнеров