Коронавирус әлемнің тағы 5 елінде тіркелді
Қауіпті дертті жұқтырғандар саны 80 мыңнан асқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Коронавирус әлемнің тағы 5 елінде тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда қауіпті дертті жұқтырғандар саны 80 мыңнан асқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
2 мың 912 адам көз жұмып, 45 мыңға жуық адам қатерлі вирусты жеңіп, ауруханадан шыққан. Науқастармен байланыста болған 46 мың 219 адам қазір медициналық бақылауда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайды есептемегенде, 58 мемлекеттен короновирус анықталғанын хабарлап отыр. Соңғы тәулікте қауіпті індет Армения, Әзірбайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катарда тіркелді. Ал Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны 4 мың 212-ге жеткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00