Коронавирус әлемнің тағы 5 елінде тіркелді

02.03.2020 19:58

Қауіпті дертті жұқтырғандар саны 80 мыңнан асқан

Коронавирус әлемнің тағы 5 елінде тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда қауіпті дертті жұқтырғандар саны 80 мыңнан асқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

2 мың 912 адам көз жұмып, 45 мыңға жуық адам қатерлі вирусты жеңіп, ауруханадан шыққан. Науқастармен байланыста болған 46 мың 219 адам қазір медициналық бақылауда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайды есептемегенде, 58 мемлекеттен короновирус анықталғанын хабарлап отыр. Соңғы тәулікте қауіпті індет Армения, Әзірбайжан, Эквадор, Ирландия, Монако және Катарда тіркелді. Ал Оңтүстік Кореяда  коронавирус жұқтырғандардың саны 4 мың 212-ге жеткен.