Бұл нысандарда дезинфекция жүргізіледі
Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның сауда нысандарында дезинфекция жүргізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Сенбі, 25 қыркүйек, сағат 15.00-ден 26 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін бірқатар нысан қызметін уақытша тоқтатады:
"Шапағат" коммуналдық базары,
"Сары-Арқа" көтерме-бөлшек сауда орталығы,
"Астаналық базар" (С. Сейфуллин көшесі, 47),
"Жаннұр" СОСО (Абай даңғылы, 48),
"Тұлпар" СОСО (Ш.Уәлиханов даңғылы, 24),
"Әлем" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 62),
"Әсем" СОСО ( Ы. Дүкенұлы көшесі, 31),
"Гарант" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 73),
"Джафар" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 71),
"Есіл" СОСО (Республика даңғылы, 6),
"Седьмой континент" бизнес орталығы (Кенесары көшесі, 40),
Magnum Cash&Carry гипермаркеті (Ш. Уәлиханов көшесі, 20).
Бұл нысандарда дезинфекция жүргізіледі.