Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

25.09.2020 20:24

Жаңа кинотуынды 30 қыркүйекте қалың көрерменге жол тартады

ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Авангард» деп аталатын жаңа кинотуынды 30 қыркүйекте қалың көрерменге жол тартады. Бұл туралы бүкіл әлемге әйгілі отандасымыз өзінің инстаграмм парақшасында хабарлады. Су жаңа туындының премьерасы Сингапурда өтеді деп жоспарланған.