Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған
Фото : zakon.kz
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
«Нұр-Сұлтан қаласында 31 медцина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олар қалалық медициналық ұйымдардың, сонымен қатар, республикалық ұйымдардың қызметкерлері. Олар негізінен коронавирус індетін дұқтырған пациенттерді емдеу-диагностикалық процесіне жұмылдырылған. Жағдайлары қанағаттанарлық, барлығы да емханаға жатқызылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
22.11.2026 14:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.11.2026 09:12
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36