Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

08.04.2020 20:05

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты

Фото : zakon.kz

Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты. 

«Нұр-Сұлтан қаласында 31 медцина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олар қалалық медициналық ұйымдардың, сонымен қатар, республикалық ұйымдардың қызметкерлері. Олар негізінен коронавирус індетін дұқтырған пациенттерді емдеу-диагностикалық процесіне жұмылдырылған. Жағдайлары қанағаттанарлық, барлығы да емханаға жатқызылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.