Бұл туралы Қордың директоры мәлімдеді
Болат Өтемұратов қоры коронавируспен күрес жүргізу үшін Қазақстанға 600 мың экспресс-тестін әкелмек. Олар қауіпті індет тараған Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына теңдей бөлетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еуропа Одағының аумағында сертификаттаудан өткен бұл жедел тесттерді Қытай Халық Республикасынан жеткізу жоспарланып отыр. Тестілеу нәтижесін нақ анықтайтын бұл медициналық құралды сатып алуға қор 200 млн теңге бөлген.
«Біз жеткізуші компаниямен тиісті келісім-шарт жасастық. Бірнеше күннен кейін бұл тесттер Қазақстанға жеткізіледі. Келесі аптадан бастап, қалалық денсаулық сақтау қызметтерінің көмегімен тестілеу жұмыстарының қалай жүргізілетінін анықтап, реттейтін боламыз», – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат АЙТМАҒАМБЕТОВ.