|
02.04.2020 | 15:07
9698

COVID-19 анықтайтын тестілеу жөнінде толық ақпарат ұсынылады

Бұл жерде адам ағзасында коронавирустық инфекцияның болуын тестілеудің негізгі ережелері көрсетілген

COVID-19 анықтайтын тестілеу жөнінде толық ақпарат ұсынылады Sputnik/Владислав Воднев

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің COVID-19-ға тестілеу алгоритмі белгіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

         I. Экспресс-тестілеу

1. ҚДСҰО жедел тестілеуге жататын адамдарды тіркеу үшін ақпараттық жүйені (АЖ) әзірлеуі тиіс.

2. Экспресс-тесттер адамның қанында IgM және IgG антиденелерін анықтауға бағытталған.

3. Биоматериал ретінде тестілеу үшін капилляр қаны пайдаланылады. Биоматериалдарды алуды оқытылған зертханашы-мамандар жүргізуі тиіс.

4. Экспресс-тесттердің артықшылықтары - пайдаланудың қарапайымдылығы, нәтижелерді алу жылдамдығы (15 минутқа дейін).

COVID-19-ға экспресс-тестілеуге жататын адамдар:

1) COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (карантиндік объектілер, жұқпалы аурулар стационарлары, ПТР диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар);

2) диспансерлік есепте тұрған тыныс алу ағзаларының аурулары бар науқастар;

3) 30 және одан жоғары жастағы пневмониямен ауыратын науқастар диагноз қойылған кезде бір рет;

4) стационарлық және үй карантинінен шығу алдындағы адамдар (жақын және ықтимал байланыста болған адамдар);

5) респираторлық белгілері бар науқастар;

6) карантин кезеңінде COVID -19- ға зерттелмеген ықтимал байланыста болған адамдар арасындағы адамдар;

7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.

6. Экспресс-тестілеу үшін пациенттер тіркеу жүйесінде сәйкестендіру деректерін, денсаулық жағдайына шағымдарын көрсете отырып, АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді.

7. ҚДСҰО АЖ-дан деректерді талдауды және өңдеуді жүргізеді және осы алгоритмнің 5-тармағын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін қалыптастырады.

Экспресс-тестілеуден өту үшін биоматериалды алу пункттері:

1) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдер;

2) емшара кабинеттеріндегі тек осы зерттеуді орындайтын арнайы бөлінген және жабдықталған пункттер;

3) үйде тестілеуді өткізу үшін мобильді бригадалар;

9. Медицина персоналына дербес тестілеу жүргізуге жол беріледі.

10. Биоматериалдың сынамасын алуды жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, немесе жоғары дәрежелі қорғаныш респираторлары (кемінде 3 қорғау сыныбы немесе FPP3), қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар, таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халат (немесе бір рет қолданылатын костюм суға төзімді немесе комбинезон суға төзімді), қонышы биік резеңкеленген бахилаларды (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдалана отырып, биоматериалды алу пунктінің оқытылған мейіргері жүзеге асырады.

Биоматериал сынамасын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құрал-саймандар мен материалдар:

1) капилляр қанын алуға арналған бір рет қолданылатын стерильді тамшуырды және буферлік ерітіндіні қамтитын экспресс-тест;

2) спиртті сулықтар;

3) бір рет қолдынылатын скарификатор;

4) экспресс-тестіні таңбалауға арналған жеке штрих-кодтар.

Биоматериал сынамасын алу кезінде медицина қызметкерлері мен пациенттердің инфекция жұқтыруының алдын алу үшін:

1) биоматериал сынамасының материалды жинайтын медицина қызметкерінің қолымен тікелей байланысын барынша азайту;

2) стерильді бір рет қолданылатын немесе осы мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілген, «В» класының қалдықтарына арналған сыйымдылыққа әрбір пациенттен кейін кәдеге жаратылатын шығыс материалдарын белгіленген тәртіппен пайдалану қажет.

Зерттеу нәтижесін түсіндіру:

1) оң IgM – антиденелердің болуы, инфекцияның жіті кезеңі

2) оң IgG-антиденелердің болуы, ауырып сауыққан ауру

3) оң IgM және IgG - жіті сатыдан ауырып сауыққан инфекция жағдайына өту

4) оң C (бақылау) – реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже

5) С (бақылау) теріс– үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы. Нәтиже есепке алынбайды.


II. ПТР әдісімен тестілеу

ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1) COVID-19-ға күдікті адамдар;

2) жақын байланысқа жатқызылған адамдар;

3) карантиндік стационарға орналастырылған, шетелден келген адамдар;

4) респираторлық симптомдары бар медицина қызметкерлері;

5) пневмониямен, ЖРВИ-ның ауыр түрімен емдеуге жатқызылған науқастар;

6) COVID -19-ды жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (карантиндік объектілер, жұқпалы аурулар стационарлары, ПТР диагностиканы жүзеге асырған зертхана мамандары).

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир