Коронавирус: Онкологиялық науқастар қалай емделеді

basnews.kz
basnews.kz
Егер ауру ауыр немесе орташа жағдайда өтіп жатса, оған ешқандай химиялық терапия жасалмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус жұқтырған онкологиясы бар адамдар химия терапиясын қабылдамайды. Бұл туралы ҚР ДСМ Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты басқармасының басшысы Диляра Қайдарова онлайн тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Наурыздан бастап барлық онкологиялық мекемелер жұмыс істеді. Алайда тек стационарлық көмек түрі ғана көрсетілді. Амбулаторлық және кеңес пен диагностика көмегі көрсетілмеді. 20 шілдеден бастап барлық онкологиялық орталықтар мен онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Науқастар кеңес алуға, емделуге келе алады. Консультацияға келі үшін ПТР сынамасы мен қалыпты анықтама қағаздары керек», – деді Қайдарова.

Ол атап өткендей, көп науқастар коронавирусқа шалдығып, ем қабылдамай жатқанын жеткізген.

«ДДСҰ мен әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары коронавирус кезінде онкологиясы бар науқастар химия қабылдай алмайтынын айтады. Себебі олар тәуекелі жоғары санатқа жатады. Ауру жеңіл түрде өтсе, ол витаминдерді қабылдап, ағзаның иммунитетін бір деңгейде тұрақты ұстап тұра алады. Егер ауру ауыр немесе орташа жағдайда өтіп жатса, оған ешқандай химиялық терапия жасалмайды. Толық сауыққан соң ғана емделуге кірісуге болады», – деді ол.

Қайдарова науқастарды санитарлық талапты барынша сақтауға шақырды.

«Маска киіп, туыстармен байланысты әзірге тоқтата тұру керек. Себебі ота мен химиядан өткен адамның иммунитеті төмен болады. Сондықтан да өзге инфекциялардың жұқпауына барынша әрекет ету керек», – деді ол.

Новости партнеров