Алматылықтарды масканы дұрыс тағуға шақыруда

18.07.2020 21:00

Жабық ғимаратта масканы иегіне тағып жүру тәртіп бұзушылық болып саналады.

luna-bag.com.ua

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімі Бекқали Торғаев, Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғалиева және Алматы қаласы Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Рүстем Әбдіғалиевтің қатысуымен онлайн-брифинг өтті деп хабарлайды Almaty.tv .

Спикерлер коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың профилактикалық құралдарының бірі маска тағу режимін ұстану екендігін тағы бір ескертіп өтіп, бірқатар кеңестер де бере кетті.

«Қолданылып жатқан шаралар жұқтыру тізбегін үзуге мүмкіндік береді. Маска дегеніміз пандемияны жеңіп шығудағы үлкен бір құрал»,- деп айтты Бекқали Торғаев.

Ол сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелерін де ұстануға, мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге баруды қоя тұруға шақырды.

Сонымен бірге Сәуле Нұрғалиева тұрғындардың бәрі бірдей масканы дұрыс тақпайтынына көңіл аударды. Бұл ретте ауа тамшылары арқылы берілетін инфекция үшін негізгі кіріс қақпасы мұрын екенін айта кеткен жөн. Сол себепті тек ауызға тағылған маска COVID-19- ға қарсы күресте тиімсіз болып табылады. Осыған байланысты, масканы дұрыс тағу режимін ұстанған жөн.

«Халық масканы иек астында тағу немесе мұрынның ашық тұруы ол м асканы тағу болып саналмайтынын түсінулері керек. Маска  ауыз бен мұрынды толығымен жауып, толығымен бетке тиіп тұруы керек», деп түсіндіріп өткен Сәуле Нұрғалиева жабық ғимаратта масканы осылай тағу да әкімшілік бұзушылық болып табылатынын атап өтті.

Коронавирус инфекциясының тарауын болдырмау мақсатында ШОБ нысандарының аумағында санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Бүгінгі таңда кәсіпорындар қызметкерлерінің арасында маска режимін сақтамаудың 17 фактісі анықталды.

«Біз кәсіпкер тарапынан маска ауыстыру режимін қамтамасыз етуде жеткілікті мөлшерде маска берілгенмен, жеке тұлғалар – сатушылар, туроператорлар, менеджерлердің оларды кимей, тәртіп бұзудың 17 фактісін анықтадық», деді Сәуле Нұрғалиева.

Мониторингтік топтардың жұмысы кәсіпкерлік нысандарының аумағында тұрғындардың жұқтыру қаупін төмендету үшін қажет. Сонымен бірге, тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша жедел желі қызмет етеді. 

«Бүгінгі таңда шамамен 25 қоңырау келіп түскен. Тәртіп бұзу фактілер анықталған жағдайда нақты мекен-жайды ватсапқа жолдап, нысанға қатысты қандай шағым бар екенін айтуларыңызды сұраймыз», деп атап өтті Сәуле Нұрғалиева.

Бұдан ары мониторингтік топ шағым түскен жерге барады. Бүгінгі таңда келіп түскен 25 шағымның 10-ы бойынша карантин режимінің бұзылу жағдайлары расталды.