Түркістан облысы бойынша соңғы бір тәулікте коронавирус инфекциясының өсімі төмендеп, 0.8 пайызды құрады. Жалпы, өңірде қазіргі сәтке Covid-19 инфекциясын жұқтырған 2497 жағдай тіркелген. Олардың 1570-де ауру симптомсыз өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Инфекциялық госпитальдардан 1908 адам жазылып шықты. Жалпы, 76 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясына сынама алынған.
Аймақтағы медициналық ұйымдардың инфекциялық және провизорлық бөлімдерінде төсек-орын саны 2381. Қосымша 619 резервті орын дайындалуда.
Жұқпалы аурулар бөлімдерінде 440 орынның 60 пайызға жуығы бос.
Қауіпті дертпен күреске облыс бойынша 371 дәрігер, 796 орта және 545 кіші буын медицина қызметкері жұмылдырылған.