COVID-19: Әлемдегі ахуал

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бақылау шараларын шекарадан бастап қатаңдату түсінікті. Өйткені коронавирусқа қатысты жаһандағы жағдай мәз емес, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тіпті ақылға сыймайтын жайттар да орын алып жатыр. Рет-ретімен айтар болсақ, Үндістанда аталған дерттен көз жұмды делінген науқас "тіріліп кетті". Мүрдені өртейтін кезде ер адамның туыстары алыстан бақылап тұрған. Сөйтіп түрін көрмеген екен. Бақилық болған адамды шатастырып жіберген. Ал, 75 жастағы қарт кісі үйге оралғанда, ет жақындары аң-таң болыпты. Енді Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі арнайы комиссия құрып, аталған жайтты тексермекші. 

Ал, Германия мейрам күндері қатаң карантиндік режимді жеңілдетпекші. Рождество мен Жаңа жылда 10 адамға дейін бас қосып, мерекені атап өтуге рұқсат етілмек. Яғни, 23-ші желтоқсан мен 1-ші қаңтар аралығында Германия билігі осындай жеңілдік жасапты. Мұның арты аурудың жаппай таралуына әкеп соқпаса болғаны. Себебі, әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Қазіргі сәтте жаһан жұртының 63 миллионнан астамы дертке шалдыққан. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. Байқағандарыңыздай көрші Ресей біраз уақыт бойы бесінші орында тұр еді, енді бір сатыға көтерілді. Бұл осы елдегі эпидахуалдың қалай екенін көрсетеді. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтап, ережені бұзбай жүрген абзал ағайын. Саулықтың сақтықта екенін естен шығармайық.

Новости партнеров