Елімізде пандемия жарияланғалы бері 300 мыңнан астам адам онлайн-кеңес алу үшін жүгінген

9500-ден астам онлайн қатысушыларға 60 вебинар сабақ өткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде пандемия жарияланғалы бері 300  мыңнан астам адам онлайн-кеңес алу үшін жүгінген. Бұл туралы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маманның айтуынша, қазір қоғамда болып жатқан оқиғалар, коронавирус жайлы ақпараттардың көп болуы, адам санасына әсер етпей қоймайды екен. Осы мақсатта азматтар үшін психологиялық сайт ашылды. Ол 4 сәуірден бері жұмыс істейді. Орталық директорының хабарлауынша тұрғындар тарапынан бүгінге дейін инфекцияның таралуына байланысты эмоционалды күйзеліс, қорқыныш және мазасыздануға қатысты сұрақтар көптеп келуде. Сайт қызметі аясында психологтар мен психотерапевтердің білім деңгейін арттыру мақсатында 9500-ден астам онлайн қатысушыларға 60 вебинар сабақ өткізілді.

«Бұл жобаға тек денсаулық сақтау мамандары ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік емес сектор, білім беру, ғылыми орта психологтары мен психотерапевтері де қатысады. Олардың барлығы қажет көмекті көрсету үшін бірікті. Одан бөлек біз әлеуметтік желіден YouTube арнасын аштық. Ол жерден де білікті мамандардан психологиялық көмек алуға мүмкіндік бар», – деді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай.

Новости партнеров