|
03.04.2020 | 15:15
1626

Жамбыл облысында вирус жұқтырғандармен байланыста болған 82 адам карантинде жатыр

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша коронавирустың алты жағдайы тіркелген

Жамбыл облысында вирус жұқтырғандармен байланыста болған 82 адам карантинде жатыр  www.un.org

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы карантинге алынған,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша коронавирустың алты жағдайы тіркелген. Оның ішінде Жамбыл ауданы – 1 науқас, Тараз – 2 науқас, Қордай ауданы – 2 жағдай, Шу ауданы – 1 жағдай. Науқастардың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына стационарлық емделуге жеткізілді. Жағдайлары қанағаттанарлық, шағымдары жоқ, қажетті ем тағайындалды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баспасөз конференциясында Берік Жарқынбеков хабарлады.

«6 жағдай бойынша барлығы 82 байланыста болған адам анықталды, оның ішінде 71 жақын және 11 ықтимал қарым-қатынаста болғандар. Барлық жақын байланыста болған адамдар 100 пайыз карантиндік стационарға оқшауланған, ықтимал топтағы тұлғалар үй карантиніне алынды. Барлық жақын байланыста болған адамдар зертханалық тексеруден өтті, оның ішінде 70-і теріс нәтиже, 1-і оң нәтиже көрсетіп, науқас ретінде есепке алынды», – деді департамент басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир