Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті індетті жұқтырғандар саны артып жатыр. Бір күн ішінде 7 адамнан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал облыста қорқынышты диагноз расталған жандардың жалпы саны 18-ге жетті. Олардың арасында 5 және 6 жастағы бала бар. Жалпы коронавирус жұқтырған 18 адамның екеуі Қызылжар, төртеуі Тайынша ауданы, 12-сі Петропавл қаласының тұрғындары.
«Қазіргі уақытта барлық науқастар ауруханаға жатқызылды. Дәлірек айтсақ, олар инфекция жұқтырғандар. Барлығы жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Тексерліп жатқан оқиғалар бойынша 310 жақын байланыс және 360 адаммен ықтималды байланыста болғаны анықталды», – деді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна ГОРЛОВА.