|
15.07.2022 | 15:16
935

Елімізде бетперде тағу режимі оралуы мүмкін бе

Эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңа болжамды еліміздің бас дәрігері мәлімдеді

Елімізде бетперде тағу режимі оралуы мүмкін бе Almaty.tv

Елімізде коронавирус қайта күш алды. Бетперде режимі мен шектеу шаралары оралуы мүмкін. Эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңа болжамды еліміздің бас дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ажар Ғинияттың сөзінше, соңғы аптада әлемнің 108 елінде сырқаттанудың өсуі байқалған. Ал бізде Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында індетті жұқтырушылар саны көбейіп отыр. Алдағы үш айға әзірленген пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар күніне 4000 науқасқа дейін жетеді деп болжайды. Нақты сценарийде күніне 2 жарым адам ауру жұқтыруы мүмкін. Қазір стационарларда ем алып жатқан науқастардың 41 пайызы балалар.

«Сырқанттың өсуіне қарамастан науқастардың ауруханаға түсуі жатқызу деңгейі төмен. Биыл 15 шілдеде республикада стационарлық көмекті 139 жұқпалы ауруханада көрсетіліп жатыр.  3282 төсек орналасқан. Қазіргі кезде 570 пациент емделіп жатыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ бас дәрігер коронавирусқа қатысты эпид ахуалды бағалау матрицасы жаңа тәртіпте жүргізілетінін жеткізді.

«Енді өңірлер «сары» аймаққа өткен кезде инфекцияның таралу ошағын оқшаулауға қатысты қосымша шаралар жасалады. Ал «қызыл» аймақ кезінде қоғамдық орындар мен тұрғындар қозғалысын шектеуге қатысты шаралар қабылданбақ. Ол екі кезең бойынша іске асырылады», – деді Ажар Ғиният.

Сөз соңында денсаулық сақтау министрі ел тұрғындарына екпе алу ісін жандандыру қажеттігін еске салды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир