Сондай-ақ маманға: «Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру оқиғасы болды ма?» деген сауал қойылды.
Алматыда өткен брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бастығы Айзат Молдағасимова мессенджерлер арқылы тарап жатқан коронавирустың шаш арқылы таралуы мүмкін екендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
«Біздің тәжірибеде мұндай фактілер болған жоқ, сондықтан мен оны растай да, жоққа да шығара алмаймын», – деп жауап берді ол. Сондай-ақ маманға: «Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру оқиғасы болды ма?» деген сауал қойылды.
«Бір адамда екі рет тіркелген жағдайлар болған жоқ. Басқа елдердің де статистикасында мұндай мәлімет көрсетілмеген», – деді спикер.