Карантин кезінде боди-массаж жасайтын орын жұмысын жалғастырған

15.04.2020 в 20:19

Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жолданды

Алматы қаласының криминалдық полициясы карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан, тәулік бойы жұмыс істеп келген массаж салондарын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қаланың екі орталық ауданында орналасқан.

“Массаж салондарының басшылары мен олардың қызметкерлері массаж қызметін көрсетуді жалғастырды және карантин кезінде клиенттерді қабылдады. Бұл күндері олардың бизнесі “жасырын” жұмыс істеді: есіктер тек сенімді клиенттерге және тек алдын-ала жазылу арқылы ашылды. Белгілі болғандай, мұнда емдеу массажы емес эротикалық массаж жасалды. Екі салонның да иелері бірден әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды: ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу және ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы – жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру немесе жеңгетайлық. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін массажшыларда заңға сәйкес жауап беруі керек. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жолданды”, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.