61 пациенттің жағдайы өте ауыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 20 қаңтардағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
20 қаңтардағы мәлімет бойынша, 25 038 адам короновирус инфекциясынан (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
307 адамның жағдайы ауыр;
61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.