|
22.01.2021 | 15:23
1291

COVID-19: Әлемдегі пандемия жағдайы

Індетті жұқтыру бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Ұлыбритания алда тұр

COVID-19: Әлемдегі пандемия жағдайы Фото: ашық дереккөзден

Нидерландыда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өйткені коронавирус елде тез тарап жатыр. Коменданттық сағат ертеңнен басталады. Яғни, тұрғындарға кешкі 9-дан таңғы 4:30-ға дейін үйден шығуға тыйым салынады.  Ұлыбританияда 4 жарым милионнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок минутына 200 екпе егіліп жатқанын мәлімдеді. Ал Ұлыбритания үкіметінің басшысы, шектеу шараларын бәсеңдету туралы айтуға әлі ерте деді. Тіпті көптеген фестивальдердің өтуіне тыйым салу керектігін жеткізді. Өйткені осы елден таралып жатқан жаңа штам адамнан адамға тез жұғады. Сондықтан, босаңсуға болмайды дейді билік өкілдері. Бүгінде жаһан жұртының 98 миллионнан астамы аталған ауруға шалдыққан. Індетті жұқтыру бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Ұлыбритания алда тұр. 2 миллион 100 мыңнан көп науқас кеселдің кесірінен көз жұмды. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир