Теңіз кенішіндегі тағы 3 жұмысшыдан COVID-19 анықталды

inform.kz
inform.kz
Оның ішінде бір науқаста ауру симптомды түрде, қалғандарында симтомсыз өтуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында тағы да 11 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүсйенсек, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталып отыр. 

«Қауіпті індетті жұқтырушылардың дені Атырау қаласында тұратын тұрғындар. Ал үш науқас – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Оның ішінде бір науқаста ауру симптомды түрде, қалғандарында симтомсыз өтуде»,– деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шыққан. Қазір 114 науқас үй жағдайында ем қабылдауда. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде 9 адам коронавирус жұқтырған еді.

Новости партнеров