Анталиядан ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

27.12.2020 20:27

1 606 әуе жолаушысы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 336 адам, анықтамасыз 270 Қазақстан азаматы келді

Фото: ашық дереккөзден

2020 жылғы 25 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 2 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2020 жылғы 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі жетті. 1 606 әуе жолаушысы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 336 адам, анықтамасыз 270 Қазақстан азаматы келді. 

Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 795 жолаушы, анықтамамен – 706, анықтамасыз - 89; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 416 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 70; 

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 238 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз - 103; 

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 142 жолаушы анықтамамен келді; 

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 15 жолаушы, анықтамамен - 7; анықтамасыз - 8. 

Анықтамасыз сапарлаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтңп жатыр. 

«2020 жылдың 25 желтоқсанында анықтамасыз келген 206 Қазақстан азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Анталия – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды»,– делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінде.