Коронавирус: Әлем ахуалы

05.02.2021 20:27

Тізімнің көш басындағылар: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания

Фото: ашық дереккөзден



Әлем бойынша Коронавирусты тасымалдаушылар саны жүз бес миллионнан асып кетті. Екі миллион үш жүз мыңға жуық адам кеселден мерт болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тізімнің көш басындағылар: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания. Оксфорд университетінің ғалымдары әртүрлі өндірушілерден алынған вакцинаның екі дозасын салып, тиімділігін тексеру үшін зерттеу жүргізуді қолға алды. Сынақтарға сегіз жүзден астам ерікті қатысады. Бірақ Еуропа мен АҚШ-та жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, француздар, немістер мен американдықтардың шамамен 20-25 пайызы вакцинациядан бас тартуы мүмкін. Негізгі себептер - сенімді ақпараттың жоқтығы және қарапайым сенімсіздік. 

Ал, Дания мемлекеті коронавирусқа қарсы егілгендерге арналған цифрлық төлқұжат әзірлегенін жариялады. Вакцинация туралы ақпарат Данияның қоғамдық денсаулық сақтау веб-сайтында немесе мобильді қосымшада қол жетімді болады. Қазіргі уақытта ел тұрғындары осылайша тест нәтижелері туралы ақпарат алуда.