Қалыптасқан жағдайға байланысты өңірдегі 5 мектеп қашықтан оқыту тәртібіне көшті
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық оқушы коронавирус инфекциясына шалдыққан. Олардың 40 пайызы вирусты 3-ші тоқсанда жұқтырыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалыптасқан жағдайға байланысты өңірдегі 5 мектеп қашықтан оқыту тәртібіне көшті. Еліміздің солтүстігі әлі де қызыл аймақта қалып отыр.
«Үшінші тоқсанның басынан бастап коронавирус 189 мектеп оқушысынан анықталды. Олардың 106-сы офлайн тәртібінде білім алған. Сол себептен, Есіл ауданындағы Заградовская орта мектебі, Қызылжар ауданының Соколовка және Озерное ауылдарындағы мектептер, М.Жұмабаев ауданындағы - Қарағанды орта мектебі мен Булаево мектеп-бақшасы қашықтық режиміне ауыстырылды», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.