Әскерилер дезинфекция жасап болған соң медициналық тексерістен өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жауынгерлер қаладағы қоғамдық орындарды залалсыздандыруға бел сыбана кіріскен еді. Бүгін де бір топ маман 3 мекенжайға арнайы сұйықтық шашып шықты. Олар балалардың ойын алаңы, тұрғын үйдің кіреберісі, отырғыштар мен жаттығу құралдарын тазалады. 2 ауданды қамтыған сарбаздардың жұмысы аяқталған соң арнайы киімі жойылады.
«Залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезеңін жалғастырудамыз. Оған орай арнайы 2 техника және 10 адам жұмылдырылған. Бүгінгі таңда 3 мекенжай бойынша жұмыс барысын жалғастырудамыз. Нақты қазіргі мекенжайымыз – Ақсай 1 ықшамауданы. 8 үйдің ауласы мен подьездерін залалсыздындару жұмыстарын жүргіземіз», – деді Радиоэлектроника және әскери байланыс институтының қызметкері Нұраддин ЖҰМАХАНОВ.