|
Jol
04.06.2020 | 19:23
7222

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Қоғамдық көлік түгелдей жанып кетті

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға бүгін Назарбаев даңғылының бойында орын алды. Әлеуметтік желіде тез тарап кеткен мына видеолардан қызыл жалынның қоғамдық көлікті толықтай шарпығанын көруге болады. Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі жарақат алып, оның оң жақ қолын күйік шалған. Өзге зардап шеккен жолаушылар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 мүшесі мен 2 техника және 2 мотоциклет экипажы тартылған. Тілсіз жау 8 минутта ауыздықталған.

«Жол полициясы келді алдымен. Жолдың бәрін жапты. Сосын өрт сөндірушілер келді. Автобус толық болды. Шамамен 20 адам болған шығар. Өте аз уақыт ішінде өртке оранды. Қасына бара алмадық. Сосын газ баллондар жарылып кетті», – деді куәгер Азат АБДУЛЛИН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир