Коронавирус: Қарағандыда карантин жарияланбайды

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Ұшақ бортында 67 жолаушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды қаласынан анықталған 2 науқас 18 наурызда Минск – Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген, деп хабарлады Almaty.tv.

Ұшақ бортында 67 жолаушы болған. Олар қазір аурухана жатқызылып ем-дом қабылдап жатыр. Бүгіннен бастап, тұрғындар көп келетін сауда орталықтарының барлығы жабылып, дизенфекция жасалатын болады. Сондай-ақ мамандар, қала аумағында шығып жатқан жалған ақпараттарға сенбей, тек ресми мәліметтерге назар аударуын сұрайды. Қарағандының бас дәрігері Ержан Нұрлыбаев қалада әзірге карантин жабылмайтынын мәлімдеді.

«Әуежайда науқастармен байланыста болған адамдармен сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұшақтан түсе салысымен әуежайда толығымен тексерістен өтіп, карантиндік ауруханаға орналастырылды. Жолаушылар коронавирустың қауіпті деп танылған 1А-елінен келген. Бүгінгі күні науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Әзірге қалада карантин жарияланбайды. Нұсқаулық бойынша, бір қалада 5 адамнан асса, Б жоспары қолданылады. Сонда ғана карантин жарялауға негіз бар», – деді Қарағанды қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Ержан НҰРЛЫБАЕВ.


Новости партнеров