Коронавирусқа шалдыққан үш науқастың бір-бірімен байланысы жоқ
Жамбыл облысындағы үш науқастың бәрі көрші елден келген. Коронавирусқа шалдыққан үш науқастың бір-бірімен байланысы жоқ. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Соңғы бір тәуліктің ішінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың тағы екі оқиғасы тіркеліп отыр. Айта кетер жәйт, осы уақытқа дейін анықталған үш науқастың бір-бірімен байланысы болмаған. Ол азаматтар әртүрлі себептермен ауырып қалған. Бірақ үшеуі де Қырғызстан Республикасынан келіп отыр», – деді Жұманқұлов бүгінгі онлайн брифингте.