Қазақстанда коронавируспен ауырған 729 медқызметкер әлеуметтік төлем алды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

720-дан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты төлем алды. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

COVID-19-бен күресуге тартылған 729 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, ауру салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына жәрдемақы аударды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін аталған қорға жіберіледі. 

21 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 729 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкеріне ақшалай қаражатты тағайындап, төледі. 

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (77), Ақмола (75) облыстарынан, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (67) қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан (66) жүргізілді. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі бірлескен бұйрығына 22 шілдеде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем: 

– коронавирус немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге; 

– COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Новости партнеров